Бас тақырып

Аймақ басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Келушілер тұрғын үй, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және басқа да мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Қарағанды тұрғыны Пришахтинск қаласындағы Чичерин көшесінің тұрғындары атынан қабылдауға келді. 2022 жылы онда су құбыры ауыстырылды, енді абаттандыру қажет. Тұрғындар жолды жөндеуді сұрайды.

Қала әкімі Мейрам Қожуховтың айтуынша, жеке сектордың бұл ауданы биылғы жылға жоспарда бар.

– Ең алдымен сіздерге су өткізу керек болды. Бұл мәселе шешілді. Жол да жөнделеді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік мәселелермен жүгінді. Олар жаттығу залын ашу жөнінде көмек сұрады. Облыс әкімі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына тапсырма берді.

Басқа да мәселелерді аймақ басшысы бақылауға алды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button