Аймақ басшысы тұрғындарды қабылдайды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің өңір тұрғындарымен тікелей эфирде өткен есептік кездесуі аяқталды. 4 сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуде көптеген келелі мәселе көтерілді. Облыс тұрғындарынан 986 сұрақ түсіп, оның басым бөлігіне Жеңіс Махмұдұлы тікелей эфирде жауап берді. Жауап беріп үлгермеген сұрақтар кезең-кезеңмен қарастырлатыны тілге тиек етілді. Жиыннан соң, аймақ басшысы облыс әкімдігі ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдамақ.