Аймақ басшысы құтқарушыларды төл мерекесімен құттықтады
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады.
– Бүгін біз құтқарушыларымызды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашанда біздің қоғамда басты басымдық болып қала береді. Күн сайын құтқарушылар өз жұмыстарын адал атқарып, батылдық пен кәсіби шеберліктерін танытады. Сондықтан, ең алдымен қарағандылық екі мың жауынгеріміздің әрқайсысына отбасыларына әруақытта аман-есен оралуларын тілеймін. Ел алдындағы адал қызметтеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін! Барлықтарыңызға денсаулық, өркендеу және амандық тілеймін!,-деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.