Бас тақырып

Аймақ басшысы Саран қаласының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласына іс-сапармен ат басын бұрды. Сапар аясында қала тұрғындарымен кездесіп, көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, аймақ басшысымен бірге басқарма және департамент басшылары да болды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі қаладағы орталық қазандықтың мәселесі болды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ.

Қала тұрғындарымен кездесу қаладағы №6 жалпы білім беретін мектепте өтті. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар – сантарапты. Соның негізгісі – орталық қазандыққа байланысты. Яғни, қазандықтың тапсырылу мерзімін білгісі келеді. Одан қала берді, тоқ кернеуінің не себепті төмендеп кеткенін сұрады.

– Орталық қазандық жұмысының ұзаққа созылғаны мені де алаңдатады. Мердігерлермен кездесу үшін жұмыс орнына барып қайттым. Қазір екі қазандық дайын. Орталық жылу пунктіне дейін ұзындығы 12 шақырымды құрайтын құбыр тартылды. Жылу желілері бірінші кезектегі 135 нысанға жеткізілді. Келесі көктемде осы және басқа үйлерді қайта қосуды бастаймыз. Қазандықты іске қосу 2024–2025 жылыту маусымына жоспарланған. Қазір шыдамдылық қажет, – деді аймақ басшысы.

Алдағы уақытта қазандықтарды басқару автоматтандырылған жүйеге ауысатын болады. Қазандық толық іске қосылған уақытта, алғашқы болып 360 үй мен әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button