Бас тақырып

Аймақ басшысы Олимпиада ойындарының қатысушыларымен онлайн кездесті

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының атынан ұлттық құрама сапына кірген Олимпиада ойындарының қатысушыларымен zoom платформасы арқылы  кездесті. Олимпиадаға аттанған спортшылардың жағдайын біліп, оларға жеңіс тіледі.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Төрт жылда бір келетін байрақты бәсекеде жүзу спортынан – Ксения Игнатова, батут гимнастикасынан – Данил Мұсабаев, жеңіл атлетикадан – Давид Ефремов бақ сынайды. Сонымен қатар, паражеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков пен парадзюдодан Даяна Федосова өнер көрсетеді. Өңір басшысы онлай кездесуде спортшыларға сәттілік тілеп, Олимпиадаға қатысудың үлкен жауапкершілік екенін айтты.

– Әрқайсыларыңыз бар күш-жігеріңізді салатындарыңызды білемін. Әрі жүлдемен ораласыздар деген сенімдемін. Ал, осындағы қарағандылықтардың қолдауы сіздерге үлкен мотивация береді. Бәріміз сіздерге қолдау көрсетеміз, – деді Ермағанбет Қабдуллаұлы.

Спортшылар да өз сөзінде көңіл-күйлерінің көтеріңкі екендігін айтты. Әрі Олимпиадалық базада жаттығу және өмір сүру үшін барлық жағдай жасалғанын да жеткізді.

– Біз қазір Олимпиада базасындамыз. Дайындық қарқынды жүріп жатыр. Барлық жағдай жасалған. Қолдау көрсетіп жатқаныңызға алғыс айтамыз, – деді батутшы Данил Мұсабаеватың жаттықтырушысы Сергей Вертянкин.

Қарағандылық Ксения Игнатова – 18 жаста. Ол қазірдің өзінде ересектер арасындағы Әлем, Азия чемпионатына қатысып, екі рекорд орнатқан. Жас спортшы өз сөзінде жақсы нәтиже көрсететіндігін айтты.

– Көңіл-күйім керемет! Осы бәсекеде жақсы нәти көрсетуге дайынмын. Бар күш-жігерімді салып, ел абыройы үшін соңына дейін күресемін, – дед жас спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 206 елінен 10 500 спортшы қатысады деп күтілуде. Оның ішінде Қазақстан сапынан 80 спортшы бақ сынайды.

Жазғы Олимпиада аяқталғаннан кейін Париждегі спорт алаңдарында 28 тамызда XVII Паралимпиада ойындары басталады. Бұл бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының сапында екі қарағандылық спортшы өнер көрсетеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button