Бас тақырып

Аймақ басшысы облыстық футбол қауымдастығының президенті болып сайланды

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып сайланды. Аймақ басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және «Шахтер» футбол клубын Премьер-лигаға қайтаруға мүмкіндік беретін міндеттерді алға қойды.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында «Шахтер» ФК филиалдары ашылады. Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас футболшыларды іздеуге септігін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда УЕФА стандарттарына сәйкес заманауи стадион, жыл бойы жаттығуға арналған футбол манежін салу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл облыс орталығында бас стадионды және өңірдің бірқатар қалаларындағы стадиондарды жаңғырту жоспарланған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button