Ресми

Аймақ басшысы облыс тұрғындарымен кездесті

Жыл басынан бері Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің барлық қалалары мен аудандарының тұрғындарымен 25 кездесу өткізді. Кездесуге 8 мыңға жуық адам қатысты, облыс әкіміне 500-ден астам сұрақ қойылды. Биылғы жылы Қарағандыда өткен соңғы кездесу уақыт бойынша рекордтық көрсеткішке ие болды. Ол 6,5 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде кездесуге 151 адам келіп, оның 89-ы облыс әкіміне өз сұрақтары бойынша жүгінді.

Дәстүр бойынша көптеген мәселелер ТКШ, аулалар мен ойын алаңдарын абаттандыруға қатысты болды. Сондай-ақ, қарағандылықтарды бюджет қаражатын сапалы пайдалану, әлеуметтік павильондардың жұмысы, жолдар мен нөсер кәріздерінің жай-күйі, жер мәселелері, тариф белгілеу және т. б. толғандырады.

– Менімен бірге қабылдауды барлық басқармалар мен ведомстволардың басшылары жүргізді. Біз көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін осындай формат таңдадық. Адамдарға мүмкіндігінше ыңғайлы етіп ұйымдастыруға тырыстық. Тіпті балалармен бірге келгендер үшін ойын алаңдары қарастырылған. Мұндай кездесулер тек қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, шалғайдағы кенттерде де өтті. Біз Ағадыр, Шашубай, Қарағайлыда болдық. Көптеген сұрақтар қойылды. Көп жағдайда бұл ТКШ, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту саласы. Жеке сипаттағы мәселелермен де жүгінеді. Әр кездесуден кейін біз барлық мәселелерді саралап, жүйелі түрде жұмыс істей бастаймыз. Жыл бойы әріптестер мезгіл-мезгіл шешімнің барысы туралы баяндайды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Мысалы, Қарағандыда келесі жылы Шахтерский кентін орталық жылытуға қосу жоспарлануда. Бұл мәселе көп жылдар бойы шешілмеген. Енді орамішілік желілер салынды. Көпқабатты үйлердің тұрғындары үй ішілік жүйені өз бетінше қалпына келтіруі қажет. Қаржылық жүктемені азайту үшін оларға тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы тарапынан бөліп төлеу арқылы ең төменгі пайыздық несиелерді пайдалану ұсынылды.

Пришахтинск тұрғындары балабақшаларда орын тапшылығына шағымданды. Бұл ауданда тағы бір мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жоспарланып, жер телімі бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыс әкімінің халықпен кездесуі жаңа форматта өтуде. Ермағанбет Бөлекпаевпен бір мезгілде басқармалардың, департаменттер мен коммуналдық қызметтердің барлық басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Қабылдау бір терезе қағидасы бойынша, электрондық кезек тәртібімен өтеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button