Бас тақырып

Аймақ басшысы Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықтың даму жоспарын әзірлеуді тапсырды

Келер жылы Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігі мен Майқұдық ауданын дамыту жоспарлануда. Осы мақсатта облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев шаһар басшысы Мейрам Кожуховқа қала тұрғындарымен кездесу барысында нақты жоспар әзірлеуді тапсырды. Әрі жоспардың бәрі қала жұртшылығымен келісе отырып жасалу қажеттігін баса айтты.   

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы:

– Мен бұған дейін бірнеше мәрте айттым. Бүгін тағы да қайталаймын. Біз тек Қарағандының орталығын ғана емес, шеткері жатқан аудандарды да назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Сол себепті, келер жылды «Оңтүстік-Шығыс  пен Майқұдық ауданының даму жылы» деп жариялауды ұсынамын, – деді.

Өздеріңізге мәлім, қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде құрылыс жүмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұрғын үйлерден бөлек, әлеуметтік нысандар да бой көтерді. 1 қыркүйекте екі жаңа мектеп ашылды. Оның біреуі – «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынды. Одан бөлек, тағы бір жайлы мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Ожан бөлек, отбасымен демалу үшін ірі сауда-ойын-сауық орталығы салынбақ. Ол үшін жер де бөлінген. Жаңа кітапхана да салынады. Қазіргі таңда инвесторлар жобалық-сметалық құжатын әзірлеуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button