АймақБас тақырыпҚарағанды
Аймақ басшысы Нұра ауданының тұрғындарымен кездеседі
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу өткізеді. Халықпен кездесу 14 мамыр күні сағат 11:30-де Мәдениет үйінде өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72144) 2-17-21 телефоны арқылы және nura_cancelyaria@krg.gov.kz электрондық поштасына қалдыруға болады.