Аймақ басшысы мен облыстық мәслихат төрағасы ғылым күнімен құттықтады
Құрметті ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер, ғылыми сала қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
12 сәуірде біз өз өмірін ғылымға, білімді дамытуға және инновацияларды енгізуге арнаған адамдарды атап өтеміз. Ғылым – прогресстің қозғаушы күші, тұрақты дамудың негізі және болашақтағы стратегиялық ресурсымыз болып табылады. Еңбек пен ғылыми іске берілгендіктің арқасында сіздер елдің экономикалық әлеуетін нығайтуға, білім беру, денсаулық сақтау, экология, аграрлық сектор және өнеркәсіп саласындағы өзекті міндеттерді шешуге ықпал етесіздер.
Біздің облыстың ғылыми әлеуеті қашанда жоғары болды. Біз дарынды зерттеушілерді, жас ғалымдарды, аймақтың интеллектуалды элитасын қалыптастырып жүрген академиялық қауымдастықты мақтан тұтамыз.
Мерекеге орай сіздерге зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктерді тілейміз. Сіздердің ғылыми еңбектеріңіз еліміздің гүлденуіне қызмет етсін!
Мереке құтты болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы