Бас тақырып

Аймақ басшысы мен облыстық мәслихат төрағасы мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сурет: egemen.kz

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттық­таймыз!
1992 жылы маусым айының 4 жұлдызында Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік рә­міз­дері бекітілді. Бұл тарихи күн біздің мемлекеттілігіміздің сим­волына айналды. Еліміздің Мемлекеттік рәміздері – бірлікті наси­хаттайтын және өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу құралы.
Олар халықтың тарихы мен рухын бейнелейді. Халық арасында «Туың жығылмасын» – деген сөзде осыдан қалса керек. Егемен Қазақстанның рәміздері – ғасырлар бойы қалыптасқан біздің идеология­мыз бен мәдениетіміздің көрінісі.
Бүгінде елімізде өскелең ұрпақ­ты патриот ретінде тәрбиелеуге үлкен мән беріліп отыр. Мемлекеттік рәміздерді білу және құрметтеу – патриоттық тәрбие мен ұлттық сананы қалыптастырудың негізі. Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік рәміздер бейбітшілігімізді бейнелейтін Қазақстанның төлқұжатына айналды.
Құрметті жерлестер, баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік тілейміз! Ортақ Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін! Көк Туымыз көгімізде желбірей берсін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button