Ресми

Аймақ басшысы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті қарағандылықтар! Қымбатты балалар мен ата-аналар!

Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Балалар – еліміздің болашағы, сондықтан облыста жас ұрпақты дамыту мен тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесі шешіліп, балабақшалар салынуда. Жас ұрпақтың жаңа білім алуға, заман талабына сай дамуға мүмкіндігі мол. Оған мемлекет барынша жағдай жасап отыр, өйткені баланың білімі мен тәрбиесіне бөлінген көңіл – болашаққа салынған сенімді инвестиция.

Баланың ең сенімді қорғаны – тату-тәтті әрі салауатты отбасы. Жергілікті мемлекеттік мекемелер отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау, баланың отбасында тұру құқығын қамтамасыз ету жолында көп жұмыс атқаруда. Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Қымбатты балалар! Бұл мереке сіздерді бақытқа бөлесін, ал ересектерге сіздердің алдыңыздағы жауапкершілігін тағы да еске салғай.

Сіздерге мықты денсаулық, жарқын болашақ тілеймін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button