АймақБас тақырыпҚарағанды
Аймақ басшысы Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездеседі
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласы тұрғындарымен кездесу өткізеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2025 жылы 3 желтоқсан сағат 15.00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-7212) 42-36-58, 42-58-61 телефоны арқылы және qaragandy@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.



