Бас тақырып

Аймақ басшысы Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездеседі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2025 жылғы 3 шілде күні сағат 14:00 де Ақтоғай ауылының мәдениет үйінде өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71037) 2-10-66 телефоны арқылы және Aqtogai@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.

Басқа материалдар

Back to top button