Аймақ басшыларының құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Оның арқасында біз мемлекеттілік пен егемендікті нығайтуға мүмкіндік алып, өзара бірлік пен тұтастықта болашағымызды құрып жатырмыз.
Экономика мен әлеуметтік сала дамып, мектептер, ауруханалар салынып, жаңа өндірістер іске қосылуда. Әсіресе, жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтарымыздың өмір сүру сапасы артып келеді.
Қиын кезеңдерде халқымыз көптеген этнос өкілдеріне құшағын ашып, қонақжайлық танытты. Бүгінде барлығымыз да бір үйдің баласындай ел даумына үлес қосып келеміз. Қазақстан ынтымақтастық пен келісімнің бесігіне айналды және бұл біздің – басты байлығымыз.
Бұл күні біз мемлекеттіліктің қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан көрнекті тарихи тұлғалар қатарында Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Әз Тәуке, Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, «Алаш» партиясының қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков пен жеріміздің тұтастығын сақтап қалған Жұмабек Тәшенов, Нұртас Оңдасынов сынды ұлы тұлғалар бар.
Тәуелсіздік күні әр үйге бейбітшілік, жақсылық пен бақыт әкелсін. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесі берік, аспаны ашық болсын!
Мереке құтты болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.