Бас тақырып

Аймақ басшысы қарағандылықтарды наурыз мерекесімен құттықтады

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн табиғаттың оянуын, жаңаруды, сондай-ақ, ұрпақтар жалғастығын білдіреді. Наурыз – бізді біріктіретін, жүректерімізді жарық пен үмітке толтыратын, жаңа жетістіктер мен ұлы істерге шабыт беретін ұлттық мейрам.

Ерте заманнан бері Наурыз мерекесі бірліктің, ынтымақтастық пен қайырымдылықтың символы болып келеді. Бұл күн бізге өзара көмек, құрмет және жанашырлықтың қоғамымыз үшін аса маңызды екеніне меңзеп, ұлттық құндылықтардың насихатталуына жол ашып, табиғатпен және бір-бірімізбен үйлесімде дамуға үндейді.

Осынау ұлы мерекеге орай, барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен өркендеу тілейміз. Наурыз мерекесі сіздерге қуаныш әкеліп, табысқа толы жаңа өмірдің бастауы болсын. Шаңырақтарыңыздан бақ-береке арылмасын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button