АймақЖаңалықтар

Айласын асырған алаяқ

Қарағанды облысында полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады.

Сурет: wylsa.com

Ол өзінің 33 жастағы досынан жедел қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұраған. Құрылғыны алғаннан кейін ол жәбірленушінің атынан банктік өтініш арқылы несие рәсімдеп, ақшаны өзінің есепшотына аударып алған. Келтірілген шығын көлемі 940 мың теңгені құрады. Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындаы. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button