Спорт

Айдос Тәттібаев – үздік сұрмергендер тізімінде

32 жастағы Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының шабуылшысы Айдос Тәттібаев клубтың топ-10 сұрмергендер қатарына қосылды.

Айдос «Шахтердегі» алғашқы ойынын 2010 жылдың 28 сәуірінде «Жетісу» клубына қарсы ойнаған. Араға үш күн салып «Оқжетпес» клубына қарсы ойында команда сапындағы бірінші голын салған. Күні кеше «Тобыл» клубына қарсы ойында салған голы футболшының премьер-лигадағы салған 22-ші голы болып тіркелді.  

«Шахтёр» клубының  1992-2023 жылдардағы премьер-лигадағы сұрмергендері:

  1. Андрей Финонченко – 103 доп (344 матч);
  2. Руслан Иманқұлов –96 доп (364 матч);
  3. Сергей Егоров – 38 доп (152 матч);
  4. Евгений Лунев – 37 доп (191 матч);
  5. Владимир Кравченко – 34 доп (113 матч);
  6. Сергей Хижниченко – 25 доп (81 матч);
  7. Олег Корниенко – 24 доп (203 матч);
  8. Асқар Әбілдаев – 23 доп (65 матч);
  9. Айдос Тәттібаев – 22 доп (126 матч);
  10. Иван Перич – 21 доп (65 матч).

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button