Жаңалықтар

Айдос Бəдел, саясаттанушы: «Түркістан облысы деп құрылуы шынымен Оңтүстік өлкені қорған іспетті, саяси статусын, мәртебесін көрсетті»

Түркістан облысы. Айтқан ауыз толып, көңіл марқаятын тіркес бұл. Рухымызды серпілтіп, жүрегімізді елжіреткен Елбасының бұл шешімі елдігіміздің айқын көрінісі. Күллі түркі жұртының тарихи мандатына айналған өірдің болашағы туралы белгілі саясаткер Айдас Бәдел де өз пікірімен бөліскен болатын:

«Түркістан облысының құрылуы қазақ елінде жаңалық, үлкен бір өзгеріс болды. Әуелден бірінші приоритеті бұл жалпы қазақ еліндегі біртұтас ауқымды саяси аймақтық ұжымның пайда болуы деп баға жасауға болады. Саясаттанушылар Елбасы осы шешімді өте оңды, сәтті қабылдады деп баға беріп жатыр. Себебі, Оңтүстік өлке әр уақытта қазақи. Біздің қандас ұлтымыз басым, сондықтан бір үлкен Түркістан облысы деп құрылуы шынымен Оңтүстік өлкені қорған іспетті, саяси статусын, мәртебесін көрсетті. Өйткені, Түркістан өлкесінің аумағы бұрынғыдан да кеңейді. Мысалы, Алаш қайраткерлері кезіндегі көтерген мәселесі “Түркістан автономиясы” деген еді. Түрік xалықтарын біріктіру, олардың үлкен бір саяси платформасы болсын деген мақсатпен. Соның бір жақсы, сәтті көрінісі қазіргі ұрпақтар болып, соны  қалпына келтіретіндей жетістіке жетіп жатырмыз. Сондықтан, барлығы сүйінші сұрап қатты қуанғаны да сол біздің зиялыларымыздың Түркістан облысының құрылуы ұлттық, мәртебесі биік, терең идеологиясы бар үлкен жетістігіміз.

Əлеуметтік, экономикалық жағдайы.

Ал, енді әлеуметтік экономикалық басымдықтары –  ең әуелі Түркістан облысы жалпы біздің ұлттың басым бөлігі шоғырланған жері және xалық тығыз орналасқан өлке. Яғни, біріншіден, бұл жерде ұлттық тұтастық бар, екіншіден, үлкен еңбек күші бар. Сондықтан, бұл – әлеуметтік-экономикалық жағынан мемлекет үшін өте тиімді. Себебі, еңбек күші бар жерде жұмыс көзі табылып, мемлекеттің назары түседі. Оңтүстікте xалық тығыз орналасқандықтан, қызып жатқан еңбекті, жұмысты байқаймыз. Мысалы, сауда-саттық, өндіріс, жеңіл өнеркәсіп, егістік пен мал шаруашылығы болсын, барлығы айтарлықтай жұмыс жасап жатыр. Климаттық жағынан да артықшылық таба аламыз. Өмір сүруге ыңғайлы, қысы қысқа, жазы ұзақ. Бұл шаруашылыққа өте қолайлы. Оңтүстік жалпы мемлекет үшін әлеуметтік экономикалық жағынан тиімді аймақ болып саналады. Өзіміздің де оңтүстік өңірден күтіп отыратынымыз бар жеміс- жидек болсын шаруашылық жағынан болсын. Тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын өлке бұл. Енді бұл өлкенің әлеуметтік экономикалық әл ауқаты одан әрі жақсарады. Себебі, мемлекет назарына түсті. Бұрынғыдай емес, статусы көтерілді. Шымкент қаласы Алматы, Астана сияқты дәрежеге ие болды. Үлкен қалалардың қатарына қосылды. Мемлекеттің xалыққа, өңірдің мемлекетке берері көп. Себебі, мемлекеттің тапсырысына қарай орындайтын мүмкіндіктері көбейеді. Ауыр өнеркәсіп жоқ деп қарасақ та, тиыннан ақша құралады демекші, басқа шаруашылықтың көзі өте көп.

Бұл өңірге бес əлеуметтік бастаманың əсері қандай?

Бұл әлеуметтік бастамалар жалпы республикалық деңгейде жүзеге асады ғой, сондықтан, дәл сол өңірге осыншалықты әсер етеді деп басып айтудың қажеті бола қоймас. Біршама деңгейде әсер етуі тиіс. Әлеуметтік бастама деген атқа ие болып жүзеге асып жатыр. Мемлекетке тұтас арналған бірқалыпты деңгейдегі бағдарлама болғандықтан сол өзінің үдерісімен жүзеге асады деген үміттемін. Халықтың тығыз орналасуына байланысты ЖОО-ға түсу бағыты әлеуметтік бастаманың бір бөлігі, баспанамен қамтамасыз ету осы бағытта көмектер көп тиеді ал газбен қамтамасыз ету, төменгі жалақы шешімі шығатын мәселелер.

Түркістан облысында тұрғындардың тығыздығы басқа өңірлерге қарағанда басым болғандықтан, оларда тұрғын үй мəселесі өзекті  болары анық. Сондықтан, бұл тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыты өзіндік əсерін, жеңілдігін, мүмкіншіліктерін берері сөзсіз. Жеңілдетілген несие беру мəселесін айтар болсақ, ол жақтың халқы өте еңбекқор, шаруақор. Сондай адамдарға қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несие беру өте дұрыс. Несие жүйесі бізде əлі дамымаған, бірақ, атымен ғана жеңілдетілген емес, шынында да халыққа тиімді несие берілсе екен деймін. Жоғарғы біліммен, жатақханалармен қамтасасыз ету мəселесі де ұтымдылығын, жақсы əсерін береді. Қазір өңірдің халқы тығыз, кейін олардың балаларының да жақсы білім алуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Газбен қамтамасыз етілмей жатқан өңірлер  бар, ол жағы да дамиды деп үміттенемін. Газдың көзі сол жақта жатқаннан кейін, оңтүстікті 100% газбен қамтамасыз етуіміз керек деп ойлаймын».

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button