Жаңалықтар

Айбар Олжаев: Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

Экономика саласындағы белгілі сарапшы Айбар Олжаев соңғы жылдары Өзбекстан жаңа экономикалық модель ұсынып жүрген ел ретінде көрініп жүргенін айтты.  Алайда сараптай қарасақ, көрші мемлекет Қазақстан әлдеқашан жүріп өткен даму жолын қайталап келеді.

Сурет ЖИ

Сарапшының сөзіне сүйенсек, бұл – дұрыс таңдау. Себебі Қазақстан бүгінде ұлттық мүддеге сай, теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп, аймақта тұрақты дамудың үлгісін қалыптастырды. Экономикалық көрсеткіштерде Өзбекстанның өсім қарқыны жоғары көрінгенімен, нақты көлемде Қазақстан айқын алда. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асса, Өзбекстанда бұл көрсеткіш 147 миллиард доллар болды. Жан басына шаққандағы табыс, еңбек өнімділігі, урбанизация және қаржы нарығы бойынша да Қазақстан көш бастап тұр.

Оның айтуынша, цифрландыру саласында да айырмашылық бар. Қазақстанда электронды қызметтер қоғам мен бизнеске толық енген. Онлайн төлемдер мен цифрлы сервистер күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Ал Өзбекстанда бұл бағыт әлі де әкімшілік бақылаудан толық босамаған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button