Бас тақырыпРесми

Айқын мақсат, межелі міндет

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыр­күйектегі Қазақстан халқына Жол­дауында ел дамуының таяу ке­зеңдегі негізгі бағыттарын белгіледі. Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің айтуынша, елімізде құрылымдық экономикалық өзгерістер күтілуде. Бұл ретте өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында қайта өңдеу секторын дамытуға басты назар аударылатын болады. Инвесторларға белсенді мемлекеттік қолдау көрсетілмек.

Президент пайымынша, металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химия­сы, машина жасау, уранды конверсиялау әрі байыту, автокомпоненттер мен тыңайтқыштар өндіру сияқты бағыттарға назар аударған жөн.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында перспективалы жобалар іске асырылуда. Жаңа ауруханалар мен мектептер салынуда. 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті. Дәрігерлер жалақысы да едәуір артты. Бүгінгі күні олардың табысы орташа республикалық деңгейден едәуір жоғары. Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Бұл шара миллионға жуық адамның әл-ауқатына игі әсер етіп, әрқайсысының тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

– «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру басталды. Оның аясында жаңа жылдан бастап, балалардың шоттарына қаражат түсе бастайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдар қызметінің негізгі қағидаты абстрактілі жетістіктер емес, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының нақты жақсаруы тиіс екенін атап өтті. Прагматизм, әділеттілік және инклюзивтілік басым болу керек.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыра отырып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша қалыптасқан билік тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдік құрылды.

Осыған байланысты, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жұмысы аса маңызды. Ең алдымен, жергілікті халық үшін өзекті проблемалық мәселелерді шешумен айналыса отырып, қоғамның сауалдарына жедел ден қоюы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, ұзақ мерзімді эфемерлік мақсаттар қою тәжірибесінен алыстап, алдына нақты, қол жеткізуге болатын міндеттер қою қажет.
Қиын геосаяси жағдай кезінде біз елдің одан әрі үдемелі дамуын қамтамасыз ете аламыз. Қалыптас­қан табысты экономикалық модельдің әлеуетін ашамыз. Жаңа инвестициялар тартамыз, нәтижесінде – азаматтардың әл-ауқатын жақсартамыз деп сенемін!

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button