Айқын ақпараттың көзі
Көз ілеспес шапшаңдықпен құбылып, ұстараның жүзіндей аударылған замана тамырын басып, жаһандану толқынында ұлттық тіл мен ділді жоғалтып алмас үшін, мемлекетіміздің қоғамға деген әлеуметтік-экономикалық ілгері саясатына зер сала отырмақ үшін әрқайсымызға сауатты ақпарат көзін серік ету қажет.
Бұ заманда жолсапарға билет, дәрігер қабылдауына тіркелу, көңілің қалаған дәм-ауқатты үйге алдыру секілді қызметтердің бәрімен есеп айырысу қолыңдағы смартфоның арқылы әп-сәтте атқарылатын болды. Дүниенің төрт тарабындағы жаңалықтан да смартфон желілері арқылы хабар алуға болатын шығар, алайда әлдебір маңызды жайт туралы ақпарды аттың жалында, түйенің қомында жүріп шолғаныңызда, ештемеге тұшынып-түйсінбейсіз, тек тиын-тебен түсіру тәсілін тап қан блогерлер сауатының деңгейінде ғана тұздықты ақпар аласыз.
Ал, фотоиллюстрациямен ашылатын алғашқы бетінде қыс қа-нұсқа жаңалық, хабар-ошар орналасатын газет-шіркіннің ішкі парағы – маман журналистердің оқырман үшін қайнауын жеткізіп, тақырыбын айқындап, тілдік норма мүмкіндіктерін мәдениетті қолданып, жариялайтын алуан материалына тұнып тұрады ғой! Газет, журнал жаздырып алудан әлдебір себеппен қол үзіп кеткен оқырмандарға айтарым – жоғалт қаныңмен табысатын кез келді, жаңаша форматта, уақыт талабына сай әрленіп шыға бастаған газетіңізге оралыңыз! Аңғарар болсақ, оқуды тоқтатқан жанның әр нәрсені пайымдауы, пікірлесу дағдысы қасаңданып, сөйлеу тілі шұбарланады, смартфоннан көз алмайтын жарандардан шала-шарпы естіген мағлұматты дұрыс ұға алмай, басқаға да бұрыс таратады. Міне, кітап оқудан, баспасөзден, теледидардан алшақтаған, алайда әсіре-қызыл ақпар-аяңға құмар кейбір жанның құдды бір хат танымайтын кісідей, «сөйтіпті деп естідім, сөйдепті ғой, рас па?..» деп, мына интернет заманында ор маннан шыққан жабайыдай бей мағлұмданып, «фейк» тарататы нына ұяласың!
Қазіргі газеттерде фототехни калық мүмкіндік мол болғандық тан, айшылық алыстан да, өз ауылымыз бен қаламызда өткен іс-шарадан да ізінше ақпарат жеткізумен қатар, фотоға кең орын береді – фотоақпараттың кейбір жайтты көрнекі жеткізетінін ескереді. Газетші қаламгерлер де, баспасөзімізге атсалысушы тарихшы, заңгер, ғалымдар да кеңестік саясат жылдары айтылмаған тарих шындықтарын, өткен ғасырымыздың кірісінде, сондай-ақ шығысында орын алған, алдағы кезеңге сабақ болар жайттарды уақыт талабына сай, тәуелсіз республикамыз оқырманы үшін көсемсөз-көркем тілмен жалғанның жарығына шығарып басуда. Мамандығым – газет журналистикасы, айналдырғаным – редакторлық қызмет, саналы ғұмырым өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне, өнері мен әдебиет-мәдениетіне араласумен өткен соң газет қарамай, кейінгі толқын әріптестер жұмысын сынамай тұра аламын ба?! Мен ғана емес, туып-өскен ортасының тағдырына немқұрайлы қарамайтын әрбір көзі ашық, зиялы жанға газет-журнал парақтау тән болуы жөн. Жылда жаздырып алатын «Орталықты» қараған сайын байқайтыным – білім-қарымымен іріктелген жаңа ұжым ресми тіл уәзипасын да, көркем тіл байлығын да әйбат меңгергенін оқырманға ұсынған әр материалымен байқатады. Әлдебір уақыт ағымында газеттен қол үзіп кеткендеріңіз болса, қадірменді жамағат, жыл соңына дейін (үйден шықпай-ақ Kaspi QR арқылы) сайдың тасындай мамандар қолынан шығатын газетке 2025 жылға жазылуды ұмытпағайсыз.
Облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттері – ұлттық тарихымызға еркін бойлап, жерсу атауларын қалпына келтіріп, көңілдегі түйткілімізді, ұрпақтарымыз көкейін тескен мәселелерді ортаға салып, пікірлесуге, соған бірлесе жауап іздеуге қолайлы қоғамдық трибунамыз. «Ақпарат ғасыры» атанған осы заманда әр аймақ жұртшылығы үшін арнайы шығатын мерзімдік баспасөз өнімдері – мемлекеттің жергілікті атқарушы өкілдері мен жұртшылық арасындағы алтын көпір екені және белгілі.
Сындарлы ақпараттан өзге, әр отбасына қаншама рухани, ұлттық дүниетаным ұсынатын облыстық газетті тұтас бір жылға ресімдеу бағасы дүкенге оны-мұны сатып алуға бір барғаныңызда жұмсап жіберетін бес-он мың теңгеңізден де төмен. Жазылудың басқа да жеңілдікті шарттары «Орталық Қазақстанның» бірінші бетінде ылғи жарияланып жүр.
Назипа АСҚАР,
ардагер журналист.