АймақБас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Тағы бір жол учаскесі жөндеу жұмыстарына жабылды

Қарағанды ​​қаласының әкімдігі Асфальтная көшесіндегі жол учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын ескертті. Ал, №1 және №5 бағытта қатынайтын автобустың қозғалыс тәртібі уақытша өзгереді.

Сурет: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімдігінің хабарламасында:

– Асфальтная көшесіндегі тас жолды жөндеуге байланысты 16 қыркүйектен бері жолдың Бытовая көшесінен Молокова көшесіне дейінгі «Жансая» мейрамханасының алдындағы жол бөлігі жабылды. №1 және №5 бағытта қатынайтын автобус уақытша «Киім дүкен» аялдамасы арқылы қатынайды – делінген.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button