Бас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Аида Балаева “Тұлғатану” орталығының жұмысымен танысты

Е. Букетов атындағы ҚарМУ Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Тарихи мақала жарияланғаннан бері университет ғалымдарының 222 танымдық мақаласы жарық көріп, оқытушылар мен студенттер 69 телебағдарламаға қатысқан. Сондай-ақ, университет қызметкерлерінің 856 материалы интернет ресурстарға орналастырылған.  Бұл туралы ҚарМУ ректоры, профессор Е.Көбеев ҚР Президент Əкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевамен болған кездесуде айтты, – деп хабарлайды Ortalyq.kz


Бүгін А.Балаева ҚарМУ-де болып, “Тұлғатану” орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша аймақтық сараптама кеңесінің мүшелерімен, университеттің оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті.

ҚарМУ-де өткен кездесу барысында Аида Ғалымқызы Балаева “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы университет белсенділігін жоғары бағалады. “Бұл бағдарламаның қозғаушы күші – жастар. Сондықтан да, мен Қарағанды сапарында Сіздердің университеттеріңізді таңдадым” деген А.Балаева ханым бағдарлама аясындағы жобалар бойынша университет ұжымына нақты тапсырмалар жүктеді.

Əсіресе, “Қазақстанның киелі жерлері” жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандырып, экспедиция санын да, сапасын да арттыру керектігін атап өтті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button