Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі лауазымында қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аида Ғалымқызы 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары — Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары — Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары — Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдары (қаңтар) — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары (қыркүйек) — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
«Құрмет» орденімен (2010) марапатталған.
Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.