Аида Балаева Қазақстан мектептерінде хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді.

– Мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз – зайырлы елміз. Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді.
Конституциямыз бойынша мектептің міндеті – ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету. Сондықтан да мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын, – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.