Бас тақырыпРесми
Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.