Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұра ауданының Ахмет ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында модульдік ерікті өрт сөндіру бекеті іске қосылды.

Жаңа нысан тәулік бойы жұмыс істейді және арнайы техникамен, байланыс құралдарымен толық жабдықталған. Бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, шамамен 1,5 мың ауыл тұрғынының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бекеттің ашылуына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов пен жергілікті билік өкілдері қатысты. Бағдарлама аясында ерікті өрт сөндіру құрамаларын кеңейту және оларды тұрақты оқыту жалғасады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



