Ресми

Агроөнеркәсіпте кешенді жобалар бар

2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісі көлемі 487,2 млрд. теңгені (2022 жылы – 480,4 млрд. теңге), нақты көлем индексі 95,8%-ды (2022 жылы – 102,0%) құрады, оның ішінде мал шаруа­шылығы саласында 287,3 млрд. теңге, НКИ – 101,8% (2022 жылы – 225,6 млрд. теңге, НКИ – 101,4%), өсімдік шаруа­шылығы саласында 199,5 млрд.теңге, НКИ – 90,5% (2022 жылы – 254,3 млрд. теңге, НКИ – 102,6%).

Сурет: inform.kz сайтынан

Ірі қара мал басы 1,8%-ға (486,4 мың бас), жылқы – 11,1%-ға (352,2 мың бас), қой мен ешкі – 3,6%-ға (764,9 мың бас), шошқа – 9,0%-ға (75,1 мың бас) өсті. Құс саны – 4,7%-ға төменде­ді (3432,9 мың бас).

Бұл ретте, ет өндірісі көлемі 122,5 мың тоннаны немесе 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 101,0%-ға артық, (121,3 мың тонна), сүт – 434,9 мың тоннаны немесе 102,0% (2022 жылы – 426,3 мың тонна), жұмыртқа – 693,9 млн. дананы немесе 106,4% (2022 жылы – 652,3 млн. дана) құрылды.

Дәнді дақылдарды жинау алқабы, киік таптап, есептен шығарылған 6,3 мың гектардан басқа 993,2 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 73,3 мың гектарға артық (2022 жылы – 919,9), оның ішінде бидай – 813,4 мың гектар, (2023 жылғы деңгейден 62,5 мың гектарға артық), арпа – 60 мың га, сұлы – 13,7 мың га және масақ қоспасы 6,4 мың га көлемінде.

966,3 мың гектар дәнді дақылдар алқабынан, орташа түсімі гектарына 6,8 центнерден 652,9 мың тонна астық бастырылды.

15,9 мың гектар алқаптан 393,2 мың тонна картоп (орташа түсімі 247,4 ц/га), 2,3 мың гектардан 72,1 мың тонна көкөніс (орташа түсімі 311,0 ц/га) жиналды.

Алынған ауыл шаруашылығы өні­мінің көлемі ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге және сыртқы нарықта сатуға жеткілікті.

49,2 мың тонна астық тұқымы құйылды (немесе жоспарланған көлемнің 45,5% – 108 мың тонна), 1,9 млн. тонна шөп дайындалды.

Агроөнеркәсіп кешені саласына – 26,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы деңгейдің 88,0% құрайды (29,8 млрд. теңге), оның ішінде ауыл шаруашылығына – 24,5 млрд. теңге немесе 85,1% (27 429,2 млн. теңге), тамақ өнімдерін өндіруге – 1,7 млрд. теңге, 68,1% (2022 ж. – 2370,5 млн. теңге).

Өткен жылы жоспарланған 193 жұмыс орнын құрумен 10,0 млрд. теңге сомасына барлық 28 жоба жүзеге  асырылып,  пайдалануға берілді, оның ішінде: 

– мал шаруашылығында – 1,4 млрд.теңге сомасына 11 жоба, 35 жұмыс орнын құрумен.
– өсімдік шаруашылығында – 8,2 млрд. теңге сомасына 13 жоба, 70 жұмыс орнын құрумен.
– қайта өңдеуде – 88 жұмыс орнын құрумен 1,2 млрд. теңге сомасына 4 жоба.

2023 жылы өңіріміздің ауыл шаруа­шылығы құрылымдарына 22,6 млрд. теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетілді.

– Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 5,1 млрд. теңге.
– Мал шаруашылығын субсидиялау – 6,2 млрд. теңге.
Инвестициялық салымдар кезінде аг­ро­өнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу – 5,4 млрд. теңге.
– Мал шаруашылығы саласында оны тереңдетіп  өңдеу өнімдерін өнді­ру үшін, қайта өңдеу кәсіпорындарының  ауыл шаруашылығы өнімін сатып  алу­ға кеткен  шығындарын  субсидиялау – 277,6 млн. теңге.
– Технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын кредиттеу, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау – 5,7 млрд.теңге.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы аясында жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгеге 456 микронесие берілді,  оның ішінде, 1 млрд.169,5 млн. теңге сомасына 62 несие ауыл шаруашылығы кооперативтерге және 2 млрд. 270,5 млн. теңге сомасына 394 жеке қосалқы шаруашылық иелеріне берілді. 580-ге жуық жұмыс орны құрылды.

2024 жылға арналған жоспар бойынша ағымдағы (2024) жылы Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешен алдына қойған міндеттерін іске асыру үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін және оның экспорттық әлеуетін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.

Атап айтқанда, мал шаруашы­лы­ғы өнімі өндірісі көлемінің ұлғаюы­на, ауыл шаруашылығы жануарла­ры басын өсіру және олардан алы­­­­на­тын өнім көлемін арттыру есебінен қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, оның ішін­де ІҚМ – 1,4%-ға (493,6 мың басқа дейін, 2023 жылы – 486,4 мың басқа дейін), ұсақ мал – 2,7%-ға (785,7 мың басқа дейін, 2023 жылы – 764,9 мың басқа дейін), жылқы – 8,4%-ға (382 мың басқа дейін, 2023 жылы – 352,2 мың басқа дейін), құс – 5,6%-ға  (3,6 млн. басқа дейін, 2023 жылы – 3,4 млн. басқа дейін) өседі деп күтілуде.

Сонымен бірге, ет өндірісі көлемі 1,3%-ға (124,2 мың тоннаға дейін, 2023 жылы – 122,5 мың бас), сүт – 2,8%-ға (477,4 мың тоннаға дейін, 2023 жылы – 434,9 мың тоннаға дейін), жұмыртқа – 6,1%-ға (736,4 млн. данаға дейін, 2023 жылы – 396,9 млн. дана) ұлғаяды.

Өсімдік шаруашылығында өнім өн­дірісі көлемінің өсуіне ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын, суармалы жерлерді ұлғайту және қарқынды технологияларды қолдану есебінен қол жеткізілетін болады.

Жаздық егіс алқабын 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,3 мың гектарға ұлғайтып, 1 млн. 109,0 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, бұл ретте дәнді дақылдардың алқабы – 959,1 мың гектарды (2023 жылы – 1000,1 мың га), майлы дақылдар – 57 мың гектарды (2023 жылы – 29,7 мың га), шаруашылық құрылымдарындағы картоп алқабы – 11 508 гектарды (2023 жылы – 11 636 га), көкөніс – 1 227 га (2023 жылы – 1 337 га), азықтық дақылдар – 80 мың га (2023 жылы –  61,8 мың га) құрайды.

4,5 мың га суармалы жерді айна­лымға енгізіп, жалпы аумағы 34,7 мың га жеткізіледі (2023 жылы – 3,9 мың га, 30,3 мың га).

Жалпы, ауа райы қолайлы болған жағдайда, өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісі көлемі өткен жылғы деңгейден жоғары болады деп күтілуде, оның ішінде дәнді дақылдар – 792 мың тонна, былтырғы жылғы көрсеткіштен 7,9%-ға артық (2023 жылы – 652,9 мың тонна), картоп – 407 мың тонна, немесе 3,5%-ға артық (2023 жылы – 393,2 мың тонна), көкөніс – 73,5 мың тонна, немесе 2,0% (2023 жылы – 72,0 мың тонна) артық деңгейінде күтілуде.

2024 жылы Агроөнеркәсіп кешеніне тартылатын инвестиция көлемі 111% (29,0 млрд. теңге) деңгейінде, оның ішінде ауыл шаруашылығына – 110,4% (27,1 млрд. теңге), тамақ өнімдерін өндіруге – 115,0% (1,9 млрд. теңге) деңгейінде жоспарлануда.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін мемлекеттік қолдау аясында жалпы сомасы 22,0 млрд. теңге деңгейінде қаржы қарастырылған.

– Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 3,8 млрд. теңге.
– Мал шаруашылығын субсидиялау – 5,3 млрд. теңге.
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу – 8,9 млрд. теңге.
– Мал шаруашылығы саласында оны тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарының шы­­ғындарын субсидиялау – 158,8 млн. теңге.
– 055 агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау – 90,2 млн. теңге.
– Технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын кредит­теу, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау – 3,8 млрд. теңге.
Сонымен бірге, өндіріс көлемін ұлғайту жөніндегі міндетті қайта өңдеу, мал және өсімдік шаруашылығы салаларындағы қолданыстағы өндірістерді жаңғыр­ту және жаңа өндірістер құру есебінен шешу жоспарлануда.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін, 2024 жылы 361 жұмыс орнын құрумен 43,6 млрд. теңге сомасына 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде:

– мал шаруашылығында – 13,7 млрд. теңге сомасына 7 жоба;
– өсімдік шаруашылығында – 27,1 млрд. теңге сомасына 10 жоба;
– қайта өңдеу саласында – 2,7 млрд.теңге сомасына 10 жоба.

Жалпы, 2023-2026 жылдар аралығында облыс бойынша 1118 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 174,2 млрд. теңге сомасына 95 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған, оның ішінде:

– мал шаруашылығында – 50,1 млрд. теңге сомасына 32 жоба;
– өсімдік шаруашылығында – 43,7 млрд. теңге сомасына 35 жоба;
– қайта өңдеу саласында – 80,4 млрд. теңге сомасына 28 жоба.

Қосымша, агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобаларды («Сарыарқа» ӘКК» АҚ) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы қаржыландыру арқылы СҚО тәжірибесін жаппай қолдану шеңберінде 2024 жылы жалпы сомасы 8 млрд. теңгеге 8 жобаны жүзеге асыру қолға алынды, оның ішінде жалпы өндіріс көлемі 15,8 мың тонна сүт өндіретін 2400 басқа 4 – МТФ құру, 4 жалпы ауданы 2392 га суармалы жерлерді айналымға тарту жөніндегі жоба.

Сонымен бірге, «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Осы мақсатта ағымдағы жылы 7 млрд. теңге  сомасында қаржы көзделген. Бұл шара, 880 шағын несие беру арқылы, ауылдық жерлерде 932-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкін­ік береді.

Саят МУСИН,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button