Бас тақырып

АЭС: тарихымызда жаңа жылнама жазылады

Әлемде термоядролық энергетика қарқындап даму үстінде. Ал, біз болсақ, АЭС құрылысын салу мәселесін енді ғана талқылап жатырмыз.

Сурет: ortcom.kz

Қазақстанда энергия тапшылығы бар екені бәрімізге белгілі. Сондықтан біз  келешекте  дамыған мемлекетке тұруға деген ұмтылыс пен құлшынысты қолдаймыз.
Энергия тапшылығынан  шығудың бірден бір жолы – өзіміздің АЭС құрылысын салу. Алдағы уақытта бір емес, бірнеше осындай станциялар салса да артық болмас еді. Себебі,жақын болашақта біз электр энергиясының тапшылығын одан әрі сезінетін боламыз. Егер осы жолғы референдумда АЭС салудың қажеттілігі туралы шешім қабылдасақ, онда біз асқақ арманымызға бір қадам жақындап, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін іс жүзінде бекіте аламыз. Кейінгі ұрпағымызға соның арқасында экономикасы тұрақты және өркендеген елді қалдырамыз. Әркім өз балаларының күшті және тәуелсіз елде өмір сүргенін қалайды ғой. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстан құру жолындағы жылнамамызға жаңа беттер жазуы тиіс.

Илья КАРПОВ,

Саран қаласының №2 ЖББОМ директорының орынбасары

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button