АЭС – сенімді энергия көзі
Әлемде 32-і елде АЭС бар. Бірақ барлығында атом станциясы 3 немесе 3+ буынына жатпайды, тек 10-12-і ғана жоғары технология станциялармен жабдықталды. Яғни атом саласындағы жетекші мемлекеттер оншақты деуге болады.
АЭС бізге не береді деген сұраққа келетін болсақ, экономикалық тұрғыда тиімді. Елдің инвестициялық тартымдылығы артады. Шетелдің ірі-ірі компаниялары АЭС-ті сенімді энергия көзі ретінде бағалайды, екінші жағы, заманауи технологияны қолданатын ел ретінде мойындайды.Экологиялық тұрғыда тиімді. Өйткені ауаға газ бөлінбейді. Үшіншіден, қауіпсіздігі жағынан толық кепілдік беріледі.
Атом станциясы орта есеппен 10-12 жылда салынып, оның бюджеті 12-15 миллиард доллар құрауы мүмкін. Сарапшылардың арасында қомақты қаржы жұмсағанша, шағын станциялар салғанымыз дұрыс дейтіндер бар. АЭС-ті салсақ 60 жыл тұрақты энергия көзі болады, жөндеу жұмыстарын жүргізіп тағы 20 жылға созу мүмкіндігі бар. Әлем елдерінде 60 реактор жұмыс істеп тұр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, станция жұмыс істеп тұрған кезде 3 миллиард доллар салық ретінде ел бюджетіне қаржы түседі. Станцияны салу барасында 8 мың адам тұрақты жұмысқа тартылады. Іске қосылғаннан кейін 2 мың адам озық технологиялы станцияда жұмыс істейді. 60-80 жыл АЭС-те 2 мың отандық маман тұрақты жұмыспен қамтылады.
Бастысы, АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі. Әзірге атом энергетикасының орын басатын өзге станциялар жоқ.
Данияр ЖАНСЕЙІТОВ,
ядролық физика институтының жекекші ғылыми қызметкері