Бас тақырып

АЭС салу – қажеттілік

Елімізге АЭС салу мәселесі бүгін ғана қозғалып отырған мәселе емес.

Сурет: dknews.kz

Әрине, Қазақстан ядролық апаттардан зардап шегіп, көп қиындықтарды бастан өткерді. Соның салдарынан атом туралы айтылған кезде халықтың бойында қорқыныш, үрей басым болуы заңдылық.

 Дегенмен, дамыған елдер атом электр станциясын салдырып, соның арқасында алға жылжып, ел экономикасына зор ықпал етіп отыр.

АЭС электр энергиясын өндіру көмір мен газбен қуаттанатын жылу энергия станцияларына қарағанда өте арзанға түседі. Оның үстіне, еліміз уранға өте бай.

Көмір мен газ орнына уранды қолданса, елімізде АЭС үшін шикізат тапшылығы болмайды. Қазір елімізде және шет елден де білім алып келіп жатқан жас мамандар жеткілікті.

АЭС – Қазақстанның экономикалық және жан-жақты дамуы үшін маңызды қадам. Сондықтан, АЭС салу шешім дұрыс деп ойлаймын.

АЭС салу мәселесін еліміздегі ғалымдар жан-жақты зерттеп, осындай тоқтамға келгені белгілі. Болашақта АЭС еліміздің дамуына да зор серпін әкеледі деп сенемін.

Арон ҚАЖҒАЛИЕВ,
«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» АӘД оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button