АЭС құрылысын салудан қорқудың қажеті жоқ
Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі қазірде қоғамдық орта мен әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
Өкінішке орай, оларда айтылатын кейбір пікірлер қорқыныш пен түрлі мифтерден тұрады. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл маңызды мәселеге практикалық тұрғыдан обьективті қарау керек деп санаймын. Өйткені осынау атом электр станциясы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін орнықтырып, көмірмен жағылатын жылу-энергия орталықтарының адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін азайтады.
Мен өз басым елімізде салынатын атом электр станциясының құрылысын қолдап, 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумда сол үшін дауыс беремін. Ол энергиялық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып отырған бүгінгі жағдайда қабылданған заманауи және экологиялық тиімді шешім болып табылады. Оның салынып, іске қосылуы елімізді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етіп, оның тапшылығын төмендетіп, одан әрі дамуына серпін береді.
Серік ҚАЛДЫБАЕВ,
«Дәрежан» ШҚ басшысы,
Бұқар жырау ауданы.