АЭС: Халықтық штаб Приозерск тұрғындарымен кездесті
«AMANAT» партиясының атсалысуымен құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Приозерск қаласында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Халық штабтың Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков, ҚР Мәжілісінің депутаттары Арман Қалықов және Бауыржан Смағұлов, ҚР Су ресустары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы Сакен Шекербекұлы, Экология департаментінің басшысы Дархан Исжанов және қоғамдық штаб мүшелері қатысып, Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бірқатар бағыттар, қауіпсіздік және экология мәселелерін талқылады. Сондай-ақ АЭС жөнінде әлемдік тәжірибе туралы диалог жүргізілді. Олар Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, алдағы референдумның мәні мен маңызына тоқталды.
Айта кетейік, Республикалық штабтың басты мақсаты – АЭС құрылысының қаншалықты маңызды екенін түсіндіру, халық арасындағы үрей мен күмәнді сейілту.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz
Суреттер мен видео: «AMANAT» партиясынан