АЭС: энергетикалық саясаттағы соны қадам
Қазақстанда АЭС құрылысын салу жөнінде биылғы 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдум баршамыздың айтарлықтай қызығушылығымызды тудырып, халық арасында кеңінен талқылануда.
Бұл оқиға еліміздің энергетикалық саясатында соны қадам болып саналады және азаматтарымыздың Қазақстанның тұрақты дамуы мен болашақтағы энергетикалық қауіпсіздігі үшін дауыс беруіне мүмкіндік жасайды.
Бір жағынан, АЭС салынып, іске қосылуы электр энергиясының, әсіресе, сұраныс өсе түскен жағдайдағы жетіспеушілігі проблемасын шешуге көмектеседі. Ол сондай-ақ энергия көздерін диверсификациялау мен қазба отын түрлеріне тәуелділікті азайтуға ықпал етуі мүмкін. Бұл жобаны қолдау неғұрлым таза және заманауи технологияларға көшуді білдіреді, климаттық өзгерістермен күресте маңызды қадам да болып табылады.
Референдум азаматтардың осынау маңызды мәселелерді талқылауға белсене қатысуы мен өз көзқарастарын білдіруге ғажап мүмкіндік береді. Алдағы тұрған пікір таласында қоғам қауіпсіздігі мен мүддесін қозғайтын салмақты шешім қабылдау үшін экологиялық,экономикалық және әлеуметтік факторлардың барлығы есепке алынып, назар аударылатын болады.
Еркін АБАЙ,
№7 ЖББ мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары