Бас тақырып

АЭС: энергетика саласындағы еңселі жоба

Орталық Азия аумағындағы мемлекеттердің белсенді өнекәсіптік дамуы мен демографиялық жағдайы электр энергиясына деген сұранысты екі еселейді. Оны өндірудің ең белгілі екі жолы бар: бірі — жылу электр станциясы, екіншісі — су электр станциясы. Дегенмен аталғандардың алғашқысы экологиялық тұрғыдан тиімсіз саналады. Бұл ретте газды қолдануға болады, алайда бүгінде біздің аймақта көгілдір отынның дефициті байқалып отыр. Ал гидроэлектростанцияларға келетін болсақ, мұндай ауқымды мүмкіндік өңірдегі екі елде ғана бар, олар: Қырғызстан мен Тәжікстан. Бұл мемлекеттердің аумағында Орталық Азияға қажетті су жиналады.

Сурет atr.kz

Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан сияқты елдерде судан электр энергиясын өндіру мәселесі күрделі. Ал баламалы энергия көзі саналатын фотоэлектростанциялардың қуаты қажеттілікті жабуға жетпейді. Баламалы энергия көздері күн шықпаса немесе жел болмаса, жұмысын тоқтатады. Сондықтан қазіргі таңда үздіксіз энергия өндіруге қауқарлы атом электр станциясынан басқа балама жоқ деп санаймын.

Өзбекстан Орталық Азияда бірінші болып аз қуатты АЭС салу шешімін қабылдады. Осы тұрғыдан еліміз ұтымды жағдайда тұр. Өкінішке қарай, Қазақстанда жаппай радиофобияның белгілері бар. Өйткені ұзақ жылдар бойы бұл елде ядролық қарудың сынақтары өтті, адамдар оның зардабын тартты. Бұл ретте, менің ойымша, Қазақстан Үкіметі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы өте орынды шешім қабылдады. Егер референдумның нәтижесі бойынша бұл шешім қолдау тапса, онда Қазақстан Өзбекстанның ізімен АЭС салуға кіріседі деп ойлаймын. Алайда оның қорытындысы бойынша көпшілік мұндай энергия өндіру көзіне қарсы болса, онда энергетика саласын дамыту оңай болмайтыны анық.

Равшан НАЗАРОВ,
Өзбекстан Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button