АЭС – бізге қажет
Бүгінгі таңда еліміздегі электр энергиясын өндірудің негізгі үлесі жалпы өндірістің 66 пайызын қамтамасыз ететін көмір станцияларына тиесілі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері 148 нысанды құрайды. Яғни өндіру үлесі ЖЭК-тің шамамен 6 пайызына жетті. Нысанның саны көп болғанымен, алатын қуатымыз – 36%. Ал, көмір станцияларына келетін болсақ, 17 пайызды ғана құрайды.
2035 жылға қарай жиынтық қуаты 26,5 ГВт жаңа өндіруші қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету талап етіледі. Бұндай жоғары қуатты Қазақстанда өндіру мүмкін емес екені анық. Бұл дегеніміз, бізге жаңа энергия көзін алатын нысанды салу болып табылады.
Сол себепті бізге АЭС салу қажет деп санаймын. АЭС құрылысы тек энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықаралық әріптестермен бірлескен жобалар Қазақстанды уран өндіруде әлемдік көшбасшы ретінде ғана емес, атом саласындағы жоғары технологиялық шешімдерде де жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
Бекболат МАҒАУИН,
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды
техникалық университетінің «Энергетикалық
жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы