АЭС: 6 қазандағы референдум бюллетені бекітілді
Орталық сайлау комиссиясы «2024 жылғы 6 қазанға белгіленген республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындау туралы» 16 қыркүйектегі қаулысын қабылдады.
– Республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтіні бекітілсін, — делінген құжатта.
Бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылады.
Оған жауаптың екі нұсқасы ұсынылады:
- иә, келісемін;
- жоқ, келіспеймін.
Референдум қорытындысын шығару кезінде жарамсыз бюллетеньдер ретінде келесілері танылады.
- белгiленбеген үлгiдегi;
- учаскелiк референдум комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
- референдумға қойылған мәселеге қайтарылған жауаптар нұсқаларының бiрде-бiреуi белгіленбеген;
- белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, оларда сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн болмаған бюллетеньдер.
Қаулыға сәйкес, дауыс беру үшін референдумға қазақ және орыс тілінде 12 367 130 бюллетень, сонымен қатар, резерв ретінде бір пайыз дайындалады. Бұл ретте референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 12 244 683 млн адам енгізілген.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА