Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция – ел Тәуелсіздігінің, оның өркендеуі мен бірлігінің кепілі. Бұл тарихи күн әрқайсымыз үшін аса маңызды. Өйткені, Ата Заң біздің тұтастығымыздың белгісі. Конституция өркениетті мемлекеттің дамуы үшін қажетті демократия мен теңдік қағидаттарын негізге ала отырып, еліміздің дамуын қамтамасыз етеді.
Еліміздің Конституциясы – ата-бабаларымыз аңсап кеткен Тәуелсіздік туралы асыл арманының орындалуының бірден-бір белгісі, әрі Қасым хан, Есім хан және Тәуке хандардың осындай тарихи құжаттарының заңды жалғасы болып табылады. Ол біздің қоғамымыз бен тұтастай мемлекет дамуының негізгі қағидаттарын айқындайды. Конституцияның арқасында біз еліміздің тұрақты әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз еттік. Құрметті қарағандылықтар, сіздерді Конституция күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, жақындарыңызға денсаулық және бақыт тілейміз. Елімізде тек бейбітшілік пен келісім болсын.
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы