«AdiletGov» қосымшасы іске қосылды
Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 19 бабының негізінде, әдiлет органдары құқықтық насихаттауды ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық палатамен бірлесіп Атқарушылық іс жүргізудің қол жетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында AdiletGov Мобильдік қосымшасын іске қосты.

Оның көмегімен атқарушылық іс жүргізу барысы туралы өзекті ақпаратты ыңғайлы форматта алу, қабылданған шараларды көру, өтініштер мен шағымдарды жіберу сондай-ақ олардың қаралу мәртебесін қадағалай алу мүмкіндігі бар.
Мысалы, сот орындаушының кеңсесіне бармай-ақ қаулыларын жүктеп алу мүмкіндігі бар. Ол үшін QR-кодын сканерлеу жеткілікті.
«AdiletGov» қосымшасы – бұл атқарушы өндіріске жылдам қол жеткізу жолы. Ол атқарушылық іс-әрекеттер ашықтығын және мәжбүрлеп орындау шараларының уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Қосымшаны Google Play
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.adilet.aisoip&hl=ru мен AppStore-дан https://apps.apple.com/kz/app/adiletgov/id6474442608 жүктеп алуға болады.
Әділет министрлігі баспасөз қызметі



