Жаңалықтар

Адам өміріне араша түскен қарағандылық қыз марапатталды

Астана қаласындағы Оқушылар сарайында бейбіт күнде ерлік жасаған балаларды марапаттау салтанаты өтті. Шараға еліміздің әр аймағынан келген батыр балалар қатысты, – деп хабарлайды Ortalyq.kz

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымовтың қолынан марапат алған бүлдіршіндердің қатарында Анастасия Пхенда есімді қарағандылық оқушы қыз бар. Ол 2016 жылы өз өмірін қатерге тіге отырып, батпаққа батып бара жатқан 5 жастағы баланы құтқарып қалған. Ол кезде Анастасияның жасы небәрі 9-да болған екен. Әрі бұл оның алғашқы ерлігі емес. Бұған дейін де ол ағашқа шығып, түсе алмай отырға қыз балаға көмек қолын созған және 4 жастағы баланы автокөлік астына түсуден сақтап қалған.

Қ.Н.Қасымов жасының кішілігіне қарамай айналасына қамқорлық жасап жүрген қызға “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төсбелгісін және естелік сыйлық табыстады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button