«Адам ата – Һауа ана» – үздік кітаптар тізімінде
Көрнекті ақын, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлының «Адам ата – һауа ана» кітабы «100 кітап» тізіміне енді.

Қазақ әдебиетінің қарыштауына зор үлес қосып келе жатқан поэзия майталманының шығармалары жастайынан жоғары бағаланып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген. Ақынның еңбегі мен талантын әріптестері де жоғары бағалап, құрмет тұтады. Серік Ақсұңқарұлы – Қазақстан Жазушылар одағының, Абай халықаралық клубының мүшесі.
Ендеше, «Ақын өз халқынсыз өмір сүре алмайды. Мен облысымызда қоғамымыздың өзекті мәселелерін көтеретін дарынды жазушылардың көп екеніне қуаныштымын. Халық мәдениетті жоғары бағалайды», – дейтін арда ақын Ақсұңқарұлы өлеңдерінің «100 кітап» тізіміне енгізілуі заңдылық.
Серік Ақсұңқарұлы аудармашы ретінде қазақ тіліне Александр Пушкин, Анна Ахматова, Марина Цветаева, Евгений Евтушенко, Назым Хикмет өлеңдерін тәржімалады. Оның өз өлеңдері де украин, орыс, түрік, қырғыз, әзірбайжан, моңғол және испан тілдеріне аударылған.
Осы уақытқа дейін жиырмаға жуық кітап шығарған ақынның жақында үш томдық таңдаулы шығармалар жинағы жарық көрді.
Аяулым СОВЕТ
Үздік шыққан жүз кітаптың тізімімен осы жерден таныса аласыздар.