Жаңалықтар

«Адал көмек» азаматтарды қабылдайды

Antikor орталығындағы «Адал көмек» жобасының аясында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша офлайн форматта азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

«Адал көмек» жобасының мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың бірқатар әлеуметтік топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Азаматтарды Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова қабылдады.

Қабылдауда денсаулық сақтау саласына қатысты 10 азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілді. Қойылған сұрақтардың барлығына Бибігүл Райханқызы «Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жауап берді.

Консультация барысында азаматтардан жазбаша өтініштер түскен жоқ.

Халық арасында аса қызығушылыққа ие сала мамандарының қатысуымен, жоба аясындағы қабылдау шаралары әр бейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Antikor орталығында өткізілетін болады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болсаңыз, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа аласыз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button