Жаңалықтар

Адал еңбектің үлгісі

Сот жүйесіндегі қа­жырлы еңбегін заңдылық, әділдік және адам құқықтарын қорғау­ға жұмсаған, халықтың сотқа деген сенімін арттыруда талмай еңбек етіп жүрген қызметкерлер бар. Осынау мереке күні олардың еңбегін елеп, ескеріп, есімдерін атау қажет. Сондай қызметкердің бірі һәм бірегейі Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы – Мекен Жұмашов.

Сурет М.Қанағатұлының жеке мұрағатынан

Мекен Қанағатұлы Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ау­дан­аралық сотында 19 жыл­дан астам еңбек етеді. 2008 жылдан Қарағанды қала­сы­ның әкімшілік құқық бұзу­шылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық со­тына сот приставы болып ауы­сып, осы уақытқа дейін сол қызметін мүлтіксіз атқарып келеді.

Сот жүйесінде қызмет атқару – адалдық пен кәсібилікті, табандылықты қажет ететін жауапты әрі игі іс. Осы жолда Мекен Қанағатұлының еңбегін ерекше атауға міндеттіміз. Оның еңбегін, сот жүйесіне деген адалдығын басшылық және әріптестері жоғары бағалайды.

Біліктілігінің нәтижесінде Қарағанды облыстық соты төрағасының мақтау қағазымен, Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының грамотасымен марапатталған болатын. Бүгінде құқық саласына қалтқысыз қыз­мет етіп келеді. Адал еңбектің ерен үлгісі іспеттес.

Құқық жүйесінің ілгерілеуі өз кәсібіне адал осы жандардың арқасында екені мәлім. Ал, судья және сот қызметкерлері күнін арнайы бекіту – олардың конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесіне зор құрмет екені анық.

М.КУСАИНОВА,
Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісі басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button