Ресми

Адал бизнеске кедергі жоқ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнесті қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа тәсілдерімен бөлісті.

Мәселен, биыл бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Яғни, бизнестің дамуына кедергі келтіретін тәуекелдерді болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады. Ол үшін агенттік үш бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Оның. біріншісі – бизнестің адалдығына ықпал ететін тұжырымдамалық шаралар болса, екіншісі кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін енгізу. Ал, үшінші бағыт өңір ерекшелігін ескере отырып, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою.

Ол үшін «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шеңберінде бизнесті қорғаудың жобалық тәсілі пысықталған. Бұл ретте, нақты кейстер бойынша практикалық көмек проблемаларды талдау кезінде пайдаланылады. 

– 2023 жылы бизнестің іскерлік. белсенділігі жоғары. Бизнесті жүргізу рейтингінде облысымыз өткен жылмен салыстырғанда жеті деңгейге көтеріліп, республика бойынша бесінші орынға табан тіреді. Шағын және орта бизнес нысандары өндіретін өнім көлемі 2 трлн. теңгеге жетті, – дейді кездесуге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин.

Облыста шағын және орта бизнестің қанатын кең жаюына мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмектің ықпалы бар. Мәселен, жыл басынан 108 млн. теңгеге үш жоба. қаржыландырылған. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін бөлінген 160 млн. теңгеге 400 грант тағы бар. Ал, бизнес кедергілерді жою мақсатында, кәсіпкерлер қызметтің басым көпшілігін электронды форматта алады. Дегенмен, әлі де кедергілер мен шектеулер бар екенін айтқан Вадим Борисович кездесу барысында айтылған нұсқаулар бизнесті дамытуға оң ықпал ететініне сенетінін де жеткізді.

Одан бөлек, С.Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді де түсіндіре кетті. Мәселен, бұрын қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлық туралы мәлімдеушінің еңбек құқықтарын қорғау бойынша қандай да бір шаралар қамтылмаған еді. Қолданылған күннің. өзінде зорлық-зомбылықтың немесе басқа физикалық әсердің нақты қаупі болған жағдайда ғана болатын. Саян Қылышұлы мәлімет берушілердің еңбек құқығын қорғау маңызды екенін айтады. Себебі, осы жағдайда ғана заңға қайшы әрекет еткен шенеунікті іштен әшкерелеу ықтималдылығы жоғары.

Салтанат ІЛИЯШ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button