Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Абзал Әжіғалиев шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта жүлдегерлер қатарынан көрінді.

А финалында Абзал Әжіғалиев олимпиада чемпионы, канадалық Максим Лауннан кейін мәре сызығын екінші болып қиды. Тағы бір олимпиада чемпионы, кореялық Ли Чжун Со үздік үштікке ілікті.

🗓Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогі кезеңі 6 қарашаға дейін жалғасады.

Батыс Қазақстан облысынан түлеп ұшқан А.Әжіғалиев 2016 жылы осы Солт-Лейк-Ситиде 500 метр қашықтықта қазақстандықтар арасынан алғаш рет әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанған болатын.

Дереккөз: Qazaqstan.tv

Алға, Қазақстан! 🇰🇿

#абзалажгалиев #абзаләжіғалиев #шорттрек #солтлейксити