Ресми

Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінде бастаған.

2008-2010 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы.

2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік салада бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінде жұмыс істеді.

2011-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2019-2021 жылдары жеке және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button