Жаңалықтар

Қабырғалы оқу ордасы

           Ғасырға жуық тарихы бар Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі мыңдаған түлекті қанаттандырып, үлкен өмірге жолдама берген қуатты білім мекемесі саналады. Қазақ баласы қара шаңырақты құрметтейді. Бүгінде осы колледжді бітірген түлектер әр салада абыройлы еңбек етуде.
Мәселен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-да колледждің жеті түлегі қызмет істейді. М.Қисабекова, А.Шадетова, Ү.Майбасова, Д.Какенова, Р.Дүйсенбаева және осы жолдардың авторлары қызмет атқарып, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға үлес қосуда. Біз, Тәуелсіз Қазақстанның білім саласында еңбек етуші түлектер, осы шаңырақтан қанаттанғанымызды мақтанышпен айта аламыз.
Бүгінде колледж – 12 біліктілік нысаны бойынша мамандар дайындайтын оқу орны. Құзыреттілік қатынас аясында білім алушылардың өз бетімен іздену құзыреттілігін қалыптастыруға, әрекеттік, танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін оқу орны. Қазіргі дара тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесінде өз орны бар, беделді колледжді ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Владимир Закамолкин басқарады.
Қазақ бөлімі колледжде беделді орында. Оның бір мысалы, 2017 жылдың 24 қарашасында Саран қаласындағы Мәдениет үйінде А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылған түлектер кездесуі – «Жұлдызды кеш – 2017» мәдени іс-шарасы. Игі істің басында тұрған қазақ бөлімінің меңгерушісі – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері Ақмарал Күнеділова.
Бүгінгі өркениетті дамудың талабы – білікті мамандар даярлауда алдыңғы шепте жүрген колледж ұжымы келелі істі келешекте де табыспен жалғастыра бермек.

М.АЙТКЕНОВА,
Ж.АДАМОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушылары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button