Басты тақырыпСпорт

Абылайханда – қола жүлде

  Жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ Германиядан қола медальмен оралды. Жексенбі күні неміс жерінде бокстан әлем чемпионаты тәмамдалды.

69 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан жартылай финалда өзбек Шахрам Гиясовқа есе жіберді. Естеріңізде болса, осы Гиясов Рио Олимпиадасында Данияр Елеусіновтен ұтылып, күміс медальді місе тұтқан еді. Бұл жолы өзбек финалда кубалық Роньель Иглесиастан басым түсті. Сөйтіп, Абылайханда – ғаламдық доданың қола жүлдесі.

Ал, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші тұғырдан көрінді. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың шәкірттері бұл жолы 1 алтын (Қайрат Ералиев), 2 күміс (Әбілхан Аманқұл, Қамшыбек Қоңқабаев) және 3 қола (Ержан Жомарт, Василий Левит және Абылайхан Жүсіпов) медальді қанжығалады.

Көш басында – кубалықтар (5 алтын, 2 күміс). Екінші сатыда – өзбектер (1 алтын, 3 күміс, 2 қола).

Сондай-ақ, 11 мемлекет өкілдері қола медальға қол жеткізді. Бұлардың қатарында Аустралия, Англия, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Камерун, Колумбия, Моңғолия, Эквадор және Оңтүстік Корея боксшылары бар.

Ор-

ны

Мемлекет атауы Ал-

тын

Күміс Қола Бар-

лығы

1 Куба 5 2 0 7
2 Өзбекстан 1 3 2 6
3 ҚАЗАҚСТАН 1 2 3 6
4 Әзірбайжан 1 0 1 2
5–6 Украина 1 0 0 1
5–6 Франция 1 0 0 1
7 АҚШ 0 1 2 3
8 Ресей 0 1 1 2
9 Ирландия 0 1 0 1

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button