Абылайхан Жүсіпов – Азия чемпионы
Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсанда Чианг Мэйде (Тайланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша ІВА жане ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады.

Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде Өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады.
Шаршы аландағы төреші Джована Угренович(Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына делел ретінде фото жене видео материалдар да бар.

Нәтижесінде, ІВА жене ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. «71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы. Ал, өзбекстандык боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі» делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.



